Шеберлер Лигасынан жеңілдіктер мен оқыту семинарларын жіберіп алмаңыз!
Close
Меню

ШЕБЕРЛЕР ЛИГАСЫ

Кәсіби шеберлердің жалғыз және ең үлкен қоғамдастығы
Шеберлер Лигасы – бұл...
Түрлі құрылыс мамандықтары кәсіпқойларының ең үлкен қоғамдастығы. Бізде географиялық шекаралар мен құрылыс жұмыстарының қандай да бір түріне тар ауқымда мамандандыру жоқ. Бастысы – өз ісіңе деген сүйіспеншілік және өз жұмысыңды сапалы түрде орындауға деген құлшыныс.

Біз құрылыс мәдениетін көтеруді қолдаймыз!

Цифрмен есептейтін болсақ:
10 000-нан аса
нақты қатысушылар
100-ге жуық
бір жыл ішінде іс-шараларды оқып үйренушілер
Сонымен қатар...
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
Шеберлер Лигасы құрылыстың түрлі саласының ең үздік мамандарын біріктіреді. Қоғамдастықтың шеңберінде олар өз білімдерімен және тәжірибелерімен алмасады. Бұл жұмыстағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, себебі ақыл сұрайтын және міндеттерді орындау үшін жүгінетін жандар бар. Екінші жағынан алғанда, бәріміз де басқалармен өзіндік бірегей білімімізбен бөлісіп, басқа шеберлердің алдында абырой жинағымыз келеді емес пе  :)
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУ
Шеберлер Лигасы құрылыс саласындағы жетекші өндірушілермен бірге қызмет жасайды, соның нәтижесінде қоғамдастық қатысушыларының мастер-кластарға және семинарларға қатысу мүмкіндіктері бар. Бізде арнайы іс-шаралар күнтізбесі жасалған, оған сәйкес Шеберлер Лигасының қатысушысы өзіне қызықтысын, қажеттісін таба алады.
ТАБЫСТЫ АРТТЫРУ
Шеберлер Лигасының мақсаты – құрылыс мәдениетін көтеру және шеберлерді жұмысты сапалы орындауға, сондай-ақ ең күрделі жобалардың өзін іске асыруға үйрету. Жаңа білім мен ептілік әрбір шаршы метр үшін лайықты төлем ақы алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Шеберлер Лигасы құрылыс жұмыстарының бірыңғай прайсын қалыптастыра отырып, нарықтағы құрылыс жұмыстарының құнын көтеруге ұмтылады.
КЛИЕНТТЕРДІҢ КӨП БОЛУЫ
Шеберлер Лигасы сонымен бірге қатысушылардың жұмыс іздеуіне және бір-біріне жұмыс ұсынуына мүмкіндік береді. Жеке тоқталып өтетін жайт, Шеберлер Лигасы қатысушысының статусы – бұл шебердің біліктілігін қосымша растаушы, сәйкесінше, тапсырыс берушінің сізге сенім артуы да жоғары болады.
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ
24/7 бойы жүздеген өзімен мүдделес жандармен араласа отырып
Шеберлер Лигасының қатысушылары мамандандырылған чаттарда өзара кез келген мәселені талқылап, өзінің ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік алады.
Өндірушілер ұйымдастыратын офлайн және онлайн оқытулар
Іс-шаралар күнтізбесіне қолжетімділік құрылыс саласындағы оқытуды: семинарларды, конференцияларды және мастер-кластарды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
Құрылыс жұмыстарына арналған бірыңғай прайс-листке қолжетімділік
Құрылыс жұмыстарын орындауға арналған прайс-лист жүздеген шеберлердің (Шеберлер Лигасына қатысушылардың) көмегімен жасалған. Бұл тапсырыс берушімен жұмыс кезіндегі сенімді дереккөз және салмақты дәйек.
Серіктестердің өнімдеріне арналған жеңілдіктер мен бонустар
Барлық арнайы баға ұсыныстары туралы ақпараттандыру жеке жүзеге асырылатын болады.
Өндірушіден техникалық кеңес
Шеберлер Лигасы қажет болған жағдайда шеберге өндірушінің техникалық мамандарымен тікелей байланысуға көмек бере алады. Бұл ірі объектілер үшін өзекті болып табылады.
Тегін үлгілер және жаңа өнімдер
Шеберлер Лигасының серіктестері шеберлерге тестілеу үшін өнімдер мен үлгілер береді. Бұл шебердің біліктілігін жоғалтпауына, барлық инновациялық өнімдер және оларды қолдану техникасы туралы білуге мүмкіндік береді.
ШЕБЕРЛЕР ЛИГАСЫНА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Лига Мастеров - это сообщество профессиональных строителей!
У нас нет географических границ и узкой специализации на каком-то одном виде строительных работ. Главное - это любовь к своему делу и желание выполнять свою работу качественно.